jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    ШҚО-да қайнаған су толы кіржуғыш машина 2 жасар баланың үстіне құлап кеткен

    Кір жуғыш машина
    Кір жуғыш машина. Көрнекі фото: pixabay.com

    ШҚО Алтай ауданында 2 жасар балаға қайнаған су толған кіржуғыш машина құлап кетіп, денесінің 79 пайызы күйіп қалған. Бір айдан бері дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды KAZNUR.KZ ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

    Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала 26 ​​тамызда санавиация арқылы Алтай қаласынан "Ана мен бала" орталығының жедел жәрдем бөліміне жеткізілген.

    Оқыс жағдай үйде болған. Анасының айтуынша, қайнаған су құйылған кір жуғыш машина аударылып, бала күйіп қалған.

    Дәрігерлер бастың, мойынның, дененің, қолдың, аяқтың екінші және үшінші дәрежелі термиялық күйік диагнозын қойып, дененің 79 пайызын күйік шалғанын атап өтті.

    "Ауруханаға жатқызылған күннен бастап қазіргі уақытқа дейін балаға шокқа қарсы және детоксикация терапиясы жасалып, қан мен плазма құйылды. Сондай-ақ хирургтар денесінің зақымдалған жерлерінің шамамен 35 пайыз 4 еселік аутодермопластика (тері егу) жасады. Бүгінде баланың жағдайы "тұрақты ауыр" деп бағалануда.

    Бала есін жиған. Аутодермопластикадан кейін зардап шеккен дененің қалған бөлігі 34 пайызды құрайды. Алдағы уақытта біз өзімізге байланысты барлық нәрсені жасай береміз", - деді жансақтау бөлімінің меңгерушісі Гамиль Еркебаев.

    ШҚО-да қайнаған су толы кіржуғыш машина 2 жасар баланың үстіне құлап кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.