Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда КамАЗ қағып кеткен әйел ауруханада көз жұмды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жүк көлігі
Жүк көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін таңертең Оралда КамАЗ жүргізушісі жолды кесіп өтіп бара жатқан 53 жастағы әйелді қағып кетті. Дәрігерлер зардап шеккен түрғынды аман алып қала алмады, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Басылымның БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, жол апаты бүгін, 25 қыркүйекте сағат 9:30-да Орал қаласындағы Шолохов көшесінде болған.

"53 жастағы әйел "Алтын алма" базарына қарама-қарсы жолды белгі қойылмаған жерден кесіп өтіп бара жатқанда оны "КамАЗ" көлігін басқарған 52 жастағы жүргізуші қағып кеткен", - деп жазады басылым.

Басылымынң жазуынша, зардап шеккен әйел ауруханаға жатқызылғанымен, ол операция кезінде көз жұмды.

Айта кетейік, бірнеше күн бүрын Жайық өзенінде моторлы қайықтар соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2038067-oralda-kamaz-qagyp-ketken-aiel-auruxanada-koz-zumdy/