Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда әйел мен баланы көлік қағып кетті

Опубликовано:

Оқыс оқиға орны
Оқыс оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/aqtau_live

Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданындағы жолдардың бірінде жеңіл көлік әйел мен баланы қағып кеткен. Оқыс оқиғаға қатысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде пікір білдірді. Бұл туралы Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Полицейлердің мәліметінше, 23 қыркүйек күні сағат 13:30-да "102" кезекші бөліміне хабарлама келіп түскен.

"Мұнайлы ауданындағы жолдардың бірінде "Ваз 21703110" маркалы көлік жүргізушісі 26 жастағы әйел мен төрт жасар баланы қағып кеткен. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, кейін олар үйлеріне қайтарылды", – делінген Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, 19 жастағы жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Оқыс оқиғаның салдары туралы видео Aqtau_live Instagram парақшасында да жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2038080-mangystauda-aiel-men-balany-kolik-qagyp-ketti/

pixel