Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысындағы ангарлардың бірінен ірі өрт шықты

Опубликовано:

Ангардағы ірі өрт
Ангардағы ірі өрт. Көрнекі фото: t.me/qr_tjm

26 қыркүйек күні кешке жақын Павлодар облысындағы ангарлардың бірінен ірі өрт шыққан. Облыстық ТЖД ақпаратынша, ангарда картоп жемісі сақталған болатын. Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

ТЖД мәліметінше, сағат 19.08-де Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылында "Ақтоғай АГРО" ЖШС-нің ангарынан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт сөндіру қызметі келгеннен кейін металлдан құрылған бір қабаттық ангардың қабырға изоляциясы жанып жатқаны белгілі болған.

Ангардың жалпы ауданы 5000 шаршы метр, ал жану ауданы шамамен 2200 шаршы метрді, яғни ангардың шамамен жарты бөлігін құраған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, ангардың ішінде картоп жемісі сақталған.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Өрттің себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2038259-pavlodar-oblysyndagy-angarlardyn-birinen-iri-ort-syqty/

pixel