Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында теміржол өткелінде жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты: бір адам қаза тапты

Опубликовано:

Апатқа ұшыраған көлік
Апатқа ұшыраған көлік. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Кеше, 28 қыркүйек күні түнге қарай Ақтөбе облысында теміржол өткелінде жүк көлігі жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы көз жұмды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, кеше, 28 қыркүйек күні сағат 22:40 шамасында Ақтөбе облысында 53 жастағы DAF жүк көлігі Ақтөбе-Орынбор автожолы бойынша жүріп келе жатып, онымен бір бағытта жүріп келе жатқан және реттелмейтін теміржол өткелінде тоқтаған Opel Vectra автокөлігіне соқтығысқан.

Салдарынан Opel автокөлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2038800-aqtobe-oblysynda-temirzol-otkelinde-zenil-kolik-pen-zuk-koligi-soqtygysty-bir-adam-qaza-tapty/

pixel