Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда әскери полигондағы жарылыс салдарынан әскерге шақырылған сарбаз көз жұмды

Опубликовано:

Сарбаз
Сарбаз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Кеше, 30 қыркүйек күні Маңғыстау облысында Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу жұмыстары кезінде әскерге шақырылған сарбаз белгісіз заттың жарылуының салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды InAktau.kz.

Басылымның хабарлауынша, әскерге шақырылған сарбаздың қайтыс болғаны туралы ақпаратты Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінде растаған. Қайғылы оқиға кеше, 30 қыркүйек күні "Оймаша" оқу-жаттығу алаңында болған.

"Белгісіз зат жарылған. Бір әскери қызметкер бірнеше ауыр дене жарақатын алған. Оқиға орнына шұғыл жедел жәрдем бригадасы келіп жетті. Медицина қызметкерлерінің әрекетіне қарамастан әскери қызметкер ауруханаға бара жатқанда жол үстінде көз жұмды. Оқыс оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Әскери тергеу органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады", – деп хабарлады ведомстводан.

Басылымның мәліметінше, төтенше жағдай болған жерге "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов бастаған комиссия жіберілгені хабарланған.

Сондай-ақ Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің басшылығы көз жұмған әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2038937-mangystauda-poligondagy-zarylys-saldarynan-askerge-saqyrylgan-sarbaz-koz-zumdy/

pixel