Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында сүйекті жерлеуге апара жатқан көлік жол апатына түсіп, жүргізуші қайтыс болды

Опубликовано:

жол апаты
Жол апатына түскен көлік. Видеодан кадр: Ақтөбе облысы ПД

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында сүйекті жерлеуге апара жатқан көлік жол апатына түсіп, жүргізуші қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға 1 қазан күні болған. ГАЗель автокөлігінің 75 жастағы жүргізушісі жерлеу рәсіміне шыққан. Жүргізуші жол апатынан оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбелік полиция жол көлік оқиғасы салдарынан зейнеткердің қаза тапқанын хабарлайды. Полиция оқиғаның жерлеу рәсіміне бара жатқан кезде болғанын да растады.

"ГАЗ-33023" автокөлігінің 75 жастағы жүргізушісі екінші деңгейдегі жолдан шыққан кезде басты жолмен келе жатқан көлік құралына жол бермей, Беларусь Республикасы азаматының басқаруындағы Scania жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан "ГАЗ-330232" автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынаноқиға орнында қайтыс болды және жарақаттанған бес жолаушысы Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды”,- деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2039151-aqtobe-oblysynda-suiekti-zerleuge-apara-zatqan-kolik-zol-apatyna-tusip-zurgizusi-qaitys-boldy/

pixel