Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада салынып жатқан ғимаратта өрт шықты (видео)

Опубликовано:

Астанадағы салынып жатқан ғимараттан шыққан өрт
Астанадағы салынып жатқан ғимараттан шыққан өрт. Фото: NUR.KZ

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі Астананың сол жағалауында салынып жатқан ғимаратта өрт шыққанын хабарлады. Өртті сөндіруге 20 адам мен 4 техника жұмылдырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде Астанада болған өрттің кадрлары жарияланды. Видеоларда салынып жатқан ғимараттан қара түтіннің көтеріліп жатқаны көрінеді.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 15:08-де Хусейн бин Талал көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысындағы Есіл ауданында жаңа ғимараттан түтін шыққаны туралы хабарлама бойынша өрт сөндіру бөлімшелері шұғыл әрекет етті.

"Өрт сөндірушілер келген кезде салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында алдын ала болжаммен 200 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары жанып жатқаны анықталды.

Оқиға орнында өртті сөндіру үшін Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 20 адамы мен 4 бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2039533-astanada-salynyp-zatqan-gimaratta-ort-syqty-video/

pixel