Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда самокат тізгіндеген жасөспірімді жүк көлігі қағып кетті

Опубликовано:

Самокат
Самокат. Фото: pexels.com

Алматыда самокат тізгіндеген 13 жастағы жасөспірімді жүк көлігі басып кетті. Жеткіншек оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Арна мәліметінше, қайғылы оқиға Қазақ ұлттық университетінің маңайында болған. Жүк көлігінің жүргізушісі Тимирязев көшесімен келе жатып, оңға қарай бұрылады. Сол сәтте жасөспірім жүк көлігінің астына кіріп кеткен.

КТК арнасының мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі баланы байқамай басып кеткен.

Қайғылы оқиғаға қатысты қазір сараптама тағайындалған. Тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2039590-almatyda-samokat-tizgindegen-zasospirimdi-zuk-koligi-qagyp-ketti/

pixel