Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайыңды-Саты" жолындағы жол апатынан бір адам қаза тауып, алты адам зардап шекті

Опубликовано:

"Қайыңды-Саты" жолындағы жол апаты
"Қайыңды-Саты" жолындағы жол апаты. Оқиға орнынан фото: instagram.com/baurzhan__alenov

Алматы облысында автобус пен УАЗ көлігі соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тауып, тағы алты адам зардап шекті. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов желідегі ресми парақшасында хабарлады.

Бауыржан Әленовтің мәліметінше, жол апаты 5 қазанда сағат 14:40 шамасында Кеген ауданы Саты ауылдық округінің аумағында, "Қайыңды-Саты" таулы автожолының 9-шы километрінде болған.

Анықталғандай, 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1997 жылғы жүргізушінің басқаруындағы "УАЗ" автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан 36 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмып, тағы алты адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Бауыржан Әленов аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Кеген аудандық ПБ-да тіркелгенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта осы жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автобус жүргізушісі Кеген ауданы ПБ УҰИ-ға қамаққа алынды. Істі тергеу барысын бақылауға алдым", - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2039804-qaiyndy-saty-zolyndagy-zol-apatynan-bir-adam-qaza-tauyp-alty-adam-zardap-sekti/

pixel