Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайыңды-Саты" жолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады: зардап шеккендер саны артты

Опубликовано:

Алматы облысы
Алматы облысы. Көрнекі фото: Алматы олбысы әкімдігі

Кеше түс кезінде Қайыңдыға барар жолда жолаушылар автобусы "УАЗ" автокөлігімен соқтығысты. Бүгін жол апатынан 34 адам зардап шеккені белігілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 5 қазанда Кеген ауданы Саты аумағындағы "Қайыңды-Саты" таулы автожолы бойында 9 км қашықтықта, 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, 1997 жылы туған О. есімді азамат басқарып келе жатқан "УАЗ" автокөлігімен соқтығысты.

"Бұл факт Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Кеген ауданының ПБ-да тіркелді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында дене жарақатынан қайтыс болды. Барлық зардап шеккендерге алгоритм бойынша толық көлемде жедел медициналық көмек көрсетілді. Зардап шеккендер саны 20 әйел мен 14 ер адам", - делінген хабарламада.

Облыс әкімдігінің ақпаратынша, оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы және 1 ТМҚК бригадасы (28 қызметкер және 14 санитарлық автокөлік бірлігі) жіберілген.

"Кеген аудандық ауруханасында 1 адам, Шелек ауылының аудандық ауруханасында екі адам, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында зардап шеккен 9 адам ем қабылдауда, жағдайлары орташа ауырлықта", - деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Облыс әкімдігі жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Автобус жүргізушісі Кеген ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істі тергеу барысын облыстық полиция бастығы бақылауға алды.

Соынмен қатар бұл мәселе Алматы облысы әкімінің бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2039882-qaiyndy-saty-tauly-avtozolynda-zolausylar-avtobusy-apatqa-usyrady-zardap-sekkender-sany-artty/

pixel