Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 3 жасар баланың қолы эскалаторға қысылып қалды

Опубликовано:

Эскалатор.
Эскалатор. Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін, 6 қазанда Қарағандыдағы сауда орталықтарының бірінде 3 жасар баланың қолы эскалаторға қысылып қалды. Құтқарушылар көмекке келіп, баланың қолын босатып алған, деп хабарлайды ekaraganda.kz басылымы.

Басылымның жазуынша, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушыларға қоңырау сағат 11.48-де келіп түскенін хабарлады. 2020 жылы туған баланың қолы эскалаторға қысылып қалғаны белгілі болды.

"Оқиға Global City сауда-ойын-сауық орталығының бірінші қабатында болды. Құтқарушылар баланың қолын босату үшін тесетін құралды пайдаланып, оны құтқарып қалды. Зардап шеккен бала медициналық бригадаға тапсырылды", - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Көкшетаудағы сауда орталықтарының бірінде эскалатормен түсіп бара жатқан әйелдің аяғы қысылып қалып, бес башпайынан айырылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2039905-qaragandyda-3-zasar-balanyn-qoly-eskalatorga-qysylyp-qaldy/

pixel