Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Блогерлер зардап шекті": Алматыда түнде мопед пен көлікпен соқтығысты (видео)

Опубликовано:

Жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін түнде Алматыда көлік пен мопед соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Желіде жол апатынан танымал блогерлердің зардап шеккені туралы ақпарат пайда болды. Қалалық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиғаның видеосы Instagram-дағы 100baksoff парақшасында жарияланды.

"Бүгін түнде Алматының орталығында мопедтің қатысуымен жол апаты болды, оның салдарынан танымал жергілікті блогерлер зардап шекті", - делінген видео сипаттамасында.

Кадрда жедел жәрдем, дәрігерлер және екі жігіттің жол бойында жатқанын көруге болады.

Алматы қалалық ПД NUR.KZ тілшісіне оқиғаның түнгі сағат 01:00 шамасында қаланың Медеу ауданында болғанын хабарлады.

"Мопед жүргізушісі 1993 жылы туған азамат А. шығыс айналма жолмен оңтүстік бағытта келе жатып, сол бағытта келе жатқан Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан мопед жүргізушісі мен оның 17 жастағы жолаушысы зардап шекті. Олар қаладағы ең жақын ауруханаға жеткізілді. Бұл факті бойынша Медеу ауданының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады қалалық ДП баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2040008-blogerler-zardap-sekti-almatyda-tunde-moped-pen-kolikpen-soqtygysty-video/

pixel