Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Опубликовано:

жол апаты болған жер
Оқиға орны: t.me/POLICE_of_KZ

Қарағанды-Астана тас жолындағы жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтары арнасы.

Ведомство дерегінше, жол апаты 9 қазан күні сағат 15.00 шамасында Қарағанды облысы Осакаров ауданында "Қарағанды-Астана" тас жолында, Осакаров ауданынан 50 шақырым жерде болған.

Алдын ала болжам бойынша Қарағандыдан Астанаға қарай бағыт алған Ford Ranger автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жол жөндеп жатқан жұмысшыны соғып, кейін жол шетінде тұрған Камазға соғылған.

Жол апаты салдарынан жұмысшы, Ford Ranger автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.

"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде", - дейді Қарағанды облысының ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Осы орайда Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүру ережесін қатаң сақтауды еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2040243-qaragandy-oblysynda-zol-apatynan-bes-adam-qaza-tapty/

pixel