Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысындағы 19 жастағы студенттің өлімі: оқиға орнына арнайы жедел-тергеу тобы шықты

Опубликовано:

Қылмыстық іс құжаттары
Қылмыстық іс құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы 19 жастағы студенттің өліміне байланысты арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына аттанды. Бұл туралы Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтары арнасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, мемлекет басшысының Ақмола облысы Щучинск қаласының 19 жастағы тұрғынының өлімін жан-жақты тергеу бойынша берген тапсырмасынан кейін ІІМ орталық аппараты мен облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына шыққан.

Сондай-ақ бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабына (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу), сонымен қатар қатар қаза тапқан адамның туыстарының одан ақша бопсалады деген арызына байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі сай қосымша қылмыстық іс қозғалған.

Құзырлы орган оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын, алдын ала тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетінін, тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауында екенін атап өтті.

Ведомство Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге де ақпарат жария етілмейтінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қаза болған жігіттің анасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео арқылы үндеу жасаған еді.

Әйел үндеуінде ұлы бірнеше рет бопсалауға ұшырағанын, сондай-ақ бопсалауға қатысты оқиғаның құрбаны болды деп санайтынын, сондықтан ол мемлекет басшысынан бұл мәселеге назар аударуды және барлық кінәлі адамды жазаға тартуды сұраған еді.

Өз кезегінде президент Ішкі істер министріне студенттің өліміне қатысты мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2040331-aqmola-oblysyndagy-19-zastagy-studenttin-olimi-oqiga-ornyna-arnaiy-zedel-tergeu-toby-attandy/

pixel