Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тергеу изоляторында қамаудағы адамның өлімі туралы ақпаратқа қатысты ҚАЖК пікір білдірді

Опубликовано:

Түрме
Түрме. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Желіде Алматыда тергеу изоляторында қамаудағы адамның төбелес кезінде көз жұмғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратқа қатысты Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы ЛА-155/18 мекемесіндегі тергеу изоляторында қамаудағы адамның көз жұмған туралы ақпарат тарап жатыр. Алдын ала болжам бойынша ер адам қамаудағы өзге адаммен төбелес кезінде қаза болған", - делінген Telegram-дағы "Криминальный Казахстан" арнасының хабарламасында.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, бұл мәлімет жалған.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабардар етті ведомстводан.

Есеріңізе сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің қызметкері кәмпитке қақалып қалған жазасын өтеушіні құтқарып қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2040528-almatyda-tergeu-izolyatoryndagy-adamnyn-olimi-turaly-aqparatqa-qatysty-qazk-pikir-bildirdi/

pixel