Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада төрт альпинист биіктен құлап, екеуі қаза болды

Опубликовано:

альпинист
Альпинист. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада төрт альпинист биіктен құлап, екеуі қаза болды. Қайғылы жайт құрылыс алаңында болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда құрылыс объектісінде жұмысшылардың құлау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Полиция жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін бір жұмысшы сол жерде қайтыс болғанын, үшеуі ауруханаға жатқызылғанын атап өтті.

Кейінірек зардап шеккендердің тағы біреуі көз жұмған. Бұны NUR.KZ тілшісіне Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

"12 қазанда құрылыс алаңында биіктен құлап, зардап шеккен үш адам №2 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Үшеуіне де көптеген жұмсақ тін жарақаты, қабырға, жамбас сүйектерінің жабық сынуы, ішкі ағзалардың зақымдануы, жоғары дәрежелі шок диагнозы қойылды", – деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендер ауруханаға келіп түскеннен кейін бірден қарқынды терапия палаталарына жатқызылып, оларға алған жарақаттары бойынша ем жүргізілгенін жеткізді.

"Көптеген жарақат салдарынан 1999 жылы туған зардап шегуші 12 қазанда сағат 17:40-та қайтыс болды", - деп толықтырды денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккен тағы екі адам – 1999 және 2002 жылы туған альпинистер реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2040901-astanada-tort-alpinist-biikten-qulap-ekeui-qaza-boldy/

pixel