Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий жағалауынан өлі итбалықтар мен бекіре балықтары табылды (фото)

Опубликовано:

Итбалықтың өлексесі
Итбалықтың өлексесі. Фото: facebook.com/ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті

Каспий жағалауынан итбалықтардың өлексесі мен қырылған бекіре балықтары табылды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Facebook парақшасында хабарлады.

Комитет мәліметінше, 15 қазанда сағат 10-40-та Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданы Баутино ауылының маңынан 25 өлі итбалық ұшасы мен 33 бекіре тұқымдас балығын тапқан.

Итбалықтың өлексесі
Итбалықтың өлексесі. Фото: facebook.com/ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті

Табылған теңіз жануарлары мен балықтардың өлекселері әр түрлі дәрежеде ыдыраған. Комитет бұл олардың әр уақытта өлгенін білдіретінін жеткізді.

Өлі бекіре балығы
Бекіре балығы. Фото: facebook.com/ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті

"Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, осы факт туралы жұмыс тобының барлық мүшесі (жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, Гидробиология және экология институты, Қазақстандық қолданбалы экология агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология және полиция департаменттері, табиғатты қорғау прокуратурасы) хабардар етілді.

Итбалық табылған жердегі жұмыс тобын Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары басқаруда. Қазіргі уақытта жұмыс тобының қалған мүшелері су, ауа, топырақ сынамаларын алу үшін және мүмкін болса, өлі жануарлар мен балықтардың тіндерінен сынамалар алу үшін келеді деп күтілуде", - деп мәлім етті Балық шаруашылығы комитетінен.

Итбалықтың өлексесі
Итбалықтың өлексесі. Фото: facebook.com/ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті

Сондай-ақ комитет бұл факті бойынша сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің жойылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, қосымша ақпарат ұсынылатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2041060-kaspii-zagalauynan-oli-itbalyqtar-men-bekire-balyqtary-tabyldy-foto/

pixel