Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайдағы балабақшада өрт шыққан: 120-дан астам бүлдіршін эвакуацияланды (фото)

Опубликовано:

Өрт шыққан балабақша
Өрт шыққан балабақша. Фото: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Бүгін Қостанайдағы балабақшалардың бірінде өрт шықты. Өрт сөндірушілер ғимараттан 121 бала мен 14 қызметкерді эвакуациялады, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 16 қазанда сағат 12:27-де Қостанай қаласында Чернышевский көшесі, 72-үйде "№4 Бөбекжай балабақшасында" өрт шықты.

Өрт шыққан балабақша
Өрт шыққан балабақша. Фото: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт сөндіру бөлімшелері өрт ошағына 12:34-те келіп жеткен.

Өрт сөндірушілер бірінші қабаттағы музыка кабинетінде ағаш пен қағаздан жасалған сахна декорацияларының өртенгенін анықтаған. Сондай-ақ өрт кезінде 10 шаршы метр аумақта терезенің ағашы мен кеңсе техникасы өртеніп, жалынның әсерінен керме төбе де ери бастаған.

Өрт шыққан балабақша
Өрт шыққан балабақша. Фото: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

"Өрт сөндірушілер ғимараттан 121 бүлдіршін мен 14 қызметкерді эвакуациялады. Құтқарушылар келгенге дейін 18 адам мен 30 бала ғимараттан өздігінен шыға алды", – деп хабарлады ведомстводан.

Өрт сөндірушілер өртті сағат 12:57-де сөндірді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Өрт шыққан балабақша
Өрт шыққан балабақша. Фото: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 41 қызметкері мен 8 техника жұмылдырылған.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өрттің шығуына люстраның ағаштан жасалған декорацияларға құлауы себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2041218-qostanaidagy-balabaqsada-ort-syqqan-120-dan-astam-buldirsin-evakuaciyalandy-foto/

pixel