Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында егін орағы кезінде комбайншы қаза тапты

Опубликовано:

Комбайн
Комбайн. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында 58 жастағы комбайншы егін орағы кезінде қаза тапты. Бұл факті бойынша облыс полицейлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды 716.kz басылымы.

Басылымның мәліметінше, оқиға 14 қазанда Жарқайың ауданы аумағындағы егіс алқабында болған.

Ақмола облысының полиция департаменті Қостанай облысының 58 жастағы тұрғынын егін жинау жұмыстары кезінде "Енисей комбайнындағы белдік орап әкеткенін хабарлады. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Полиция аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі "Адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тергеу әрекетінен кейін соңғы процесуалдық шешім қабылданатыны атап өтілді.

Еске салайық, Алматыда электр желісінің бағанасына шыққан электршіні тоқ соғып, ер адам мерт болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2041258-aqmola-oblysynda-egin-oragy-kezinde-kombainsy-qaza-tapty/

pixel