Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трансплантациялау үшін адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысты деген күдікпен полицияға 22 адам жеткізілді

Опубликовано:

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: Universal Images Group via Getty Images

Алматы облысының полиция департаменті прокуратураның үйлестіруімен адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысты деген күдікке ілінген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойған. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлайды.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері 22 фигурантты (ұйымдастырушылар, медицина қызметкерлері, нотариус, реципиенттер мен донорлар) жеткізген.

"Олар реципиенттер мен донорларды іздеу, жалған құжаттарды рәсімдеу және ішкі органдарды трансплантациялау бойынша операцияларды ұйымдастыру міндеттерін өзара бөлісіп, әрекет еткен.

Келісім сомасы 6-10 миллион теңгені құрады, осындай сегіз факт анықталды. Үш негізгі ұйымдастырушы қамауға алынды", - деп жазады ақпараттық медиа-портал.

Сондай-ақ іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілерден ақша, құжаттама, цифрлық тасымалдағыштар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Ақпараттық медиа-портал қазіргі таңда аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабына сай (Адам ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Аталған баптың санкциясында мүлікті тәркілеп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесу көзделген.

Сонымен қатар басылым ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін жеткізді.

Айта кетелік, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, трансплантациялау кезінде адам ағзалары мен тіндерін алып-сатуға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2041491-transplantaciyalau-usin-adamnyn-iski-organdaryn-alyp-satumen-ainalysty-degen-kudikpen-policiyaga-22-adam-zetkizildi/