jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Түркістанда жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды: зардап шеккендер бар (видео)

    Тұрғын үйге соғылған автобус
    Оқиға болған жер. Видеодан кадр: facebook.com/ТүркәстаноблыстықПД

    Түркістанда бүгін жеңіл автокөлік жолаушылар автобусымен соқтығысып, салдарынан автобус жеке үйдің қабырғасына кіріп кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

    Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 18 қазанда Түркістан қаласындағы көше қиылыстарының бірінде орын алды.

    Оқиға орнына келген полицейлер "Хундай Акцент" автокөлігі № 17 маршруттағы жолаушылар автобусымен соқтығысып, нәтижесінде автобус жеке үйдің қабырғасына кіріп кеткенін анықтады.

    "Апат салдарынан автобустың бірнеше жолаушысы жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ үйде егде жастағы ер адам болған. Оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Облыстық ПД оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.