Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шәйнекпен ұрған": Түркістан облысында отбасылық жанжалды тоқтатпақ болған полицей жарақат алды

Жарияланған күні:

Шәйнек
Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан облысында полицейді шәйнекпен ұрған азамат бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы "Алматы" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Түрмеге отырмағанның өзінде, қоғамдық жұмысқа жегіледі немесе еркіндігі шектеледі.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы толық анықталады. Ал Сайрам ауданының полиция қызметкері медициналық тексеруден кейін, өзінің қызметтік міндетін орындауға қайта кірісті", – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Әбдіжаппарова.

Әңгіменің әлқиссасы Жетісай тұрғынының қоңырауынан басталады. Полиция дерегінше, тәртіп сақшыларына хабарласқан адам тұрмыстық зорлық жайлы айтып, көмек сұраған.

Содан отбасылық жанжалды ажыратуға инспектор барады. Үйге кіріп ер адаммен сөйлескен, алайда ол ескертуге бағынбай, полицейге қарсылық көрсеткен.

Ақыры қолға түскен шәйнекпен басынан салып қалып, полицей жарақат алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2041612-sainekpen-urgan-turkistan-oblysynda-otbasylyq-zanzaldy-toqtatpaq-bolgan-policei-zaraqat-aldy/