Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық қыз ер адаммен кездескеннен кейін қаза тапты: оқиғаның мән-жайын марқұмның туыстары айтты

Опубликовано:

жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда жігітпен кездесуге барған қыздың денесі табылды. Қызды өлтірді деген күдікпен 32 жастағы ер адам ұсталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Astana TV арнасы.

Телеарна мәліметінше, қыздың туыстары күдікті жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды. Туыстарының айтуынша, қыз кездесуге шақырған жігітті бұрын тек 1 рет көрген. Кездесуге шақырған ер азамат кафеде қызға дөрекілік танытып, артынша оны күшпен сүйрелеп далаға алып шыққанын бірнеше куәгер көрген. Қыз өз телефонынан полиция шақырған. Алайда шамамен 20 минуттан соң келген тәртіп сақшылары бойжеткеннің денесін тапқан.

"Камерадан көрсетіп тұр, кеудесінен итерген сіңілімді. Сіңілім құлаған, содан бұл жігіт қашып кетеді. Қашып кетеді де бір 20 минуттан кейін ба қайтып келеді де, телефонын тастап кетеді. Жаңағы телефонын алып кеткен ғой, неге ол телефонды алып кетті деп ойлаймыз. Өзінің ана дәлелін өшіру үшін алып кетті ма дейміз. Әйтпесе келіп жедел жәрдем шақыруға болар еді", - дейді марқұмның әпкесі Бақыт Дүнгенова.

Марқұмның әпкесінің сөзінше, қайғылы оқиғадан кейін күдіктінің жақындары марқұмның ата-анасының үйіне барып кешірім сұрамақ болған. Алайда қыздың туыстары күдіктінің қатаң жазалауын сұрайды.

Алматы қалалық полиция департаменті іс тіркеліп, тергеу әрекеттері жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция Басқармасы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Осы қылмысты жасады деген күдікті 1991 жылы туған Т.есімді азамат ұсталды және қамауға алынды. Қылмыстық істің шеңберінде тергеу әрекеттері тергеудің объективтілігі, жан-жақтылығы және толықтығы қағидаттарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Сараптамалар тағайындалды", - деді Алматы қалалық ПД ресм өкілі Салтанат Әзірбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2041958-almatylyq-qyz-er-adammen-kezdeskennen-keiin-qaza-tapty-oqiganyn-man-zaiyn-marqumnyn-tuystary-aitty/

pixel