Оралдық жасөспірім туған анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
18 қазан күні Оралда қайғылы жағдай орын алды. 16 жасар бала анасын өлтірді деген күдікке ілінген, деп хабарлайды "Мой город" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Денсаулық сақтау басқармасы әйелдің адамның қайтыс болғанын мәлімдеді.
Ал облыстық полиция департаменті кісі өліміне күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалғанын растады.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге де ақпараттарды полиция құпия ұстауда.
Ал ауылдық әкімдік мәліметінше, аталған отбасы қандай да бір тіркеуде тұрмаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2041980-oraldyq-zasospirim-tugan-anasyn-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/