Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Түркістанда бес жасар баланы балабақшаның көлігі басып кетті

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Жедел жәрдем. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Түркістандағы балабақшалардың бірінде балаларды үйге жеткізетін көлік бес жастағы баланы басып кеткен. Бұл туралы Qaz365.kz хабарлады.

Оқиғаның қалай болғанын баланың әкесінің туған бауыры Бақытжан айтып берді.

Бақытжанның айтуынша, оқиға 20 қазан күні сағат кешкі 17:32-де болған.

"Кеше кешкісін баланы развозканың көлігі балабақшадан әкеп тастаған. Әкелгеннен кейін бала түсіп, көліктің алдынан әдетте өтетін. Көліктің есігі жабылғаннан кейін 5-10 секундқа жетпей, көлік ары қарай жүріп кеткен. Дәл алдындағы баланы мыжып өткен. Біраз жүргеннен кейін көлікті көршілер тоқтатқан. Сол кезде бала жан тапсырған. 2,5 тонналық көлік үстінен өтіп кеткен", - дейді Бақытжан.

Баланы көліктің қалай басып кеткені, көршілердің көлікті тоқтатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Баланың туған-туыстары кінәлі адам жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді. Сол үшін тергеудің әділ өтуін талап етеді.

Qaz365.kz порталы осы оқиға бойынша Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне және Түркістан облысының полиция департаментіне хабарласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі жолданған ресми сауалға жауап берді.

"Аталған факт 20.10.2023ж. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігінде көрсетілген (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян әкеп соққан) қылмыстық құқықбұзушылық белгілермен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2041997-baq-turkistanda-bes-zasar-balany-balabaqsanyn-koligi-basyp-ketti/

pixel