Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғарда ірі өрт болды (видео)

Опубликовано:

Талғарда шыққан өрт
Талғарда шыққан өрт. Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_talgar

Әлеуметтік желіде Талғардағы ірі өрттің видеосы пайда болды – өрттің жалпы ауданы 150 шаршы метрді құраған. Видеодан өрт жеке үйді толық шарпығанын көруге болады. Жайтқа қатысты Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Kris_p_talgar Instagram-парақшасында өртке оранған ғимараттың видеосы жарияланды.

"Партизанская көшесіндегі болған жарылыстан кейін шыққан өрттің алғашқы минуттары. Алдын ала мәлімет бойынша газ баллоны жарылған", – делінген видеоның сипаттамасында.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Оқыс оқиғаға қатысты Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Белгілі болғандай, кеше, 21 қазан күні сағат 19:06-да Алматы облысы ТЖД өрт сөндірушілері Талғар қаласына шұғыл шақыруға шыққан.

"Оқиға орнына келгеннен кейін Амангелді көшесінің бойында жеке тұрғын үйде жалпы ауданы 150 ш.м. шаруашылық ғимараттарының, моншаның, сарайдың және шатырдың жануы орын алғаны анықталды", – делінген Алматы облысы ТЖД хабарламасында.

Өрттің себебі анықталуда.

Өрт сағат 20.07-де оқшауланып, 20.38-де жойылды. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖ департаментінің 15 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Газ баллонының жарылу фактісі тіркелген жоқ.

Өрт салдарынан көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жеке тұрғын үйді аралап, түсіндіру жұмыстары 28 ақпанда жүргізілген.

Сондай-ақ Алматы облысы ТЖ департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2042031-talgarda-iri-ort-boldy-video/

pixel