Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда лифт құлап, салдарынан ер адам мерт болды

Опубликовано:

Лифт
Ғимарат ішіндегі лифт. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтауда лифт құлап, 34 жастағы ер адамды басып қалды. Қайғылы оқиға бүгін түнде 3-шағын аудандағы ғимараттардың бірінде болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне берген мәліметі бойынша 24 қазанда түнгі сағат 01.10-да Ақтаудағы 3-шағын ауданда орналасқан ғимараттардың бірінде лифт 34 жастағы ер адамның үстіне құлап кеткен. Ер адам оқиға орнында мерт болды.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша қалалық ПБ-ның СДТБТ-ға тіркелді. Сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Басқа ақпарат тергеу мүддесі сәйкес жарияланбайды", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2042406-aqtauda-lift-qulap-saldarynan-er-adam-mert-boldy/

pixel