Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында бір үйдің төрт баласы көз жұмды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет: pixabay.com

25 қазанда Абай облысы Аягөз қаласында бір үйдің төрт баласы көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 25 қазанда сағат 10:49-да Төтенше жағдайлар басқармасының күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласындағы жеке үйлердің бірінен түтін шыққандығы туралы хабарлама келіп түскен.

6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге жіберілген.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бөлмелердің бірінде 20 шаршы метр аумақта жиһаздар мен жеке заттар жанып жатқанын анықтаған. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11:24-те толық сөндірілген.

Өртті сөндіру кезінде оқиға орнынан төрт баланың денесі табылған.

Әкімдік қазіргі таңда тиісті сараптама тағайындалып, балалардың өліміне не себеп болғаны, сондай-ақ өрттің неден шыққаны анықталып жатқанын атап өтті.

"Отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде. Жағдай жергілікті атқару органдарының бақылауында", - деп хабардар етті облыс әкімдігінен.

Abai News Telegram-арнасының мәліметінше, көз жұмған балалар – бір отбасының балалары. Олар – 8 жасар егіз бен олардың 3 жас пен 2 жастағы інілері.

"Балалардың әкесі жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істейді және оқиға кезінде жұмыста болған, ал анасы азық-түлік әкелуге базарға кеткен", - делінген жазбада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2042537-abai-oblysynda-bir-uidin-tort-balasy-koz-zumdy/

pixel