Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ер адамды ұрып өлтірді деген күдікті ұсталды

Опубликовано:

Шымкент, кісі өлімі болған жер
Шымкент, кісі өлімі болған жер. Фото: polisia.kz

Шымкентте 26 қазан күні Тәуке хан көшесінің бойында ер адамның денесі табылған. Мұндай хабарлама Әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне келіп түскен, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасында.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қайтыс болған азаматтың жеке басын анықтады. Ол 1969 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты.

"Тексеру кезінде екі ер адамның арасында туындаған жанжал барысында жәбірленуші басынан алған соққыдан көз жұмғаны анықталды. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігімен ("Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") СДТБТ-ға тіркелді", - делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы ер адам ұсталып, қамауға алынды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полицейлер қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2042791-symkentte-er-adamdy-uryp-oltirdi-degen-kudikti-ustaldy/

pixel