Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арнайы операция: ШҚО-да бопсалаумен айналысты деген күдікті ұсталды (видео)

Опубликовано:

Ұсталған криминалитет өкілі
Ұсталған криминалитет өкілі. Фото: polisia.kz

ШҚО-да криминалитет өкілін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді. Ол облыс орталығының тұрғынымен сөз байласып, өскемендік кәсіпкерді бопсалады деп күдіктелуде. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, Алматы қаласының 57 жастағы тұрғыны қылмыстық ниетпен облыс орталығына келіп, жергілікті тұрғынмен сөз байласып, жәбірленушіге және оның отбасына күш қолданамын деп қорқытқан.

Осылайша оған тиесілі жер телімін өз пайдасына қайта ресімдеуге мәжбүрлеген.

Арнайы операцияны ШҚО полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ҰҚК-нің ШҚО бойынша департаментімен бірлесіп өткізген.

"Қазіргі уақытта екі күдікті де ұсталды, олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның тұрғылықты мекенжайын тінту барысында тиісті заңды құжаттар тәркіленді. Екіншісіне қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – дейді ШҚО полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2042839-arnaiy-operaciya-sqo-da-bopsalaumen-ainalysty-degen-kudikti-ustaldy-video/

pixel