Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жеке үйлердің бірінде 5 адам көз жұмды

Опубликовано:

Үй
Үй. Көрнекі фото: pexels.com

Шымкент қаласы Ынтымақ шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінде 5 адам көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша олар газдан уланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласы әкімінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, барлық жедел қызмет көрсету мекемелері шұғыл түрде оқиға орнына барған.

Сондай-ақ ол қайтыс болған жандардың туыстарымен кездесіп, көңіл айтқанын жеткізді.

"Өз тарапымыздан қажетті барлық қолдауды көрсетеміз. Төтенше жағдайлар департаментіне, газ беру қызметтеріне, аудан әкімдіктеріне көпқабатты және жеке секторлардағы газ жабдықтарын кешенді тексеруді тапсырдым. Одан бөлек, пешпен жылынатын үйлер де тексеріледі.

Қаламыздың тұрғындарынан пәтерлерде, жеке үйлерде газ пайдаланғанда қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауды сұраймын. Аталған фактілер болған жағдайда 102, 103, 104 нөмері арқылы арнайы қызметтерді жедел түрде хабардар ету қажет", - дейді Шымкент қаласының әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2042869-symkentte-bir-uidin-bes-adamy-koz-zumdy/

pixel