Қарағандыдағы Костенко шахтасында жарылыс болды: 11 адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚарағандыдағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Facebook парақшасында 11 адамның қаза тапқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бүгін Костенко атындағы шахтада өрт болып, өкінішке қарай, салдарынан 11 адам қаза тапты. Әртүрлі дәрежедегі жарақат алған 18 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ақпарат. Марқұм шахташылардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын", - деді Бөлекпаев.
Оның айтуынша, апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.
"Шахтаға келе салысымен, менің жетекшілігіммен жедел штаб құрылды. Оның құрамына жауапты тұлғалар мен әріптестер кірді. Оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 техника мен марқұмдар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсетіп жатқан 3 психолог жұмыс істеуде. (8-7172) 49-72-70, (8-7212) 51-72-23 жедел желі телефондары жұмыс істеп тұр", - деп жазды облыс әкімі.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада төтенше жағдайдан жеті кеншінің денесі табылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2042912-qaragandydagy-kostenko-saxtasynda-zarylys-boldy-zeti-adam-qaza-tapty/