Шахтадағы апат: Қарағандыға Төтенше жағдайлар министрі барды
Жарияланған күні:
Костенко атындағы шахтада болған апатты жою бойынша штабқа басшылық ету үшін Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов барды. Бұл туралы ведомство Telegram арнасында хабарлады.
”АрселорМитталТеміртау" АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы аварияны жою бойынша штабқа оқиға орнына басшылық ету үшін ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов барды.
Аварияны жою жоспары енгізілді. Қосымша тау-кен құтқарушыларының күштері енгізілуде”, - делінген хабарламада.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 50 адамы және 8 техникасы тартылған.
Сондай-ақ оқиға орнында ТЖМ бөлімшелерінің 22 қызметкері жұмылдырылған.
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары ашылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2042916-saxtadagy-apat-qaragandyga-tzm-bassysy-usyp-ketti/