Шахтадағы жарылыс: Тоқаев "АрселорМиттал Теміртаумен" инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Мемлекет басшысы үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.
Президент үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
- Шахтадағы апат: Қарағандыға Төтенше жағдайлар министрі барды
- Қарағандыдағы Костенко шахтасында жарылыс болды: 11 адам қаза тапты
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2042920-toqaev-qaragandy-oblysynda-kensilerdin-qaza-tabuyna-bailanysty-konil-aitty/