Шахтадағы жарылыс: Тоқаев "АрселорМиттал Теміртаумен" инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Мемлекет басшысы үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.
Президент үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2042920-toqaev-qaragandy-oblysynda-kensilerdin-qaza-tabuyna-bailanysty-konil-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.