Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада су құбыры жарылды (видео)

Опубликовано:

Астана, Мұхамедханов көшесі
Астана, Мұхамедханов көшесі. Видеодан кадр: instagram.com/astanasu.kz

Бүгін түскі уақытта Астанада Қайым Мұхамедханов көшесіндегі су құбыры жарылған. Жедел бригада қазірдің өзінде жедел жою жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Астана су арнасы" МКК Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Астана су арнасы" МКК хабарлауынша, 2023 жылғы 01 қарашада сағат 15:00 шамасында Қ.Мұхамедханов көшесі, 12 мекенжайы бойынша, Домалақ Ана қиылысында су құбырында ақау болғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта апаттық бригада су ағынын жою үшін жұмыс істеуде. Құбыр жарылу себебін анықталуда. Суды сору үшін ассенизатор машиналары тартылады", - делінген хабарламада.

Ведомство уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2043631-astanada-su-qubyry-zaryldy-video/

pixel