jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Астана әуежайының қызметкері жұмыс орнында көз жұмды

    Астана әуежайы
    Астана әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астана әуежайының қызметкері жұмыс орнында қайтыс болды. Бұл ақпаратты Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "2 қарашада өзінің жұмыс орнында – жүк пен багажды тиеуге арналған көліктің кабинасында ес-түзсіз жатқан жүргізушінінің табылуына байланысты "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ қызметкерлері медпунктегі дәрігерлерді перронға шақырды. Реанимициялық шаралардан кейін дәрігерлер жүргізушінің өлімін тіркеді.

    Оқиға орнына келген полиция департаментінің жедел тергеу тобы тергеу амалдарын жүргізді. Кейін қайтыс болған адамның денесі "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының" АҚ фельдшерлік-акушерлік пунктінен жедел жәрдем көлігімен Астана қаласының сот-медициналық сараптама орталығына жіберілді", - делінген хабарламада.

    Әуежайдың баспасөз қызметі жүргізуші 2023 жылдың қазан айында медициналық тексеруден өткенін, сондай-ақ ол бүгін таңертең ауысым алдындағы міндетті медициналық тексеруден өткенін, денсаулығына қатысты шағымдар болмағанын жеткізді.

    Астана халықаралық әуежайы марқұмның отбасына тиісті әлеуметтік көмек көрсететінін хабарлады.

    NUR.KZ тілшісі бұл оқиғаға қатысты пікір алу үшін көліктегі полиция департаментіне жүгінді.

    Астана әуежайының қызметкері жұмыс орнында көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.