Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Жезқазған кенішінде 39 жастағы жұмысшы қаза тапты

Опубликовано:

"Қазақмыс"
Көрнекі фото: "Қазақмыс"

Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында жұмысшы қаза тапты. Оқиға 5 қарашада болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақмыс" компаниясы 2023 жылы 5 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында болған жазатайым оқиға туралы өкінішпен хабарлайды. Жұмысты орындау кезінде тау жынысы құлауы салдарынан 1984 жылғы тау кен шебері өлімге әкелетін жарақат алды", - делінген компания хабарында.

Хабарламада "Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтқан.

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатқаны айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2044277-qazaqmysta-39-zastagy-zumyssy-qaza-tapty/

pixel