Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар абайсызда 82 тонна шөпті өртеп жіберген

Жарияланған күні:

Өртенген жер
Өртенген жер. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Абай облысы Ақсуат ауданында сіріңкемен ойнаған балалар абайсызда 82 тонна шөпті өртеп жіберді, деп хабарлайды Telegram-дағы дағы ҚР ІІМ ресми жаңалықтары арнасы.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Ақсуат ауданындағы жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде болған.

Полицейлер шөпті екі бала өртеп жібергенін анықтаған.

"Жергілікті мектеп оқушылары сіріңкемен ойнап отырып, абайсызда шөпті өртеп жіберген. Шығын көлемі 4 млн теңгені құрады. Балалар келтірген залалды олардың заңды өкілдері өтеуі керек", - деп хабарлады ведомстводан.

ІІМ бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатқанын мәлім етті.

"Егер балалар қараусыз қалып, салдарынан өрттен біреуге зиян келген болса, онда бұл үшін ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап беретінін есте ұстаған жөн", - деп ескертті полицейлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2044367-abai-oblysynda-sirinkemen-oinagan-balalar-abaisyzda-82-tonna-sopti-ortep-zibergen/