Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақпарат көзі: Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Видеодан кадр: КТК арнасы

Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды, деп хабарлады NUR.KZ тілшісіне. Полиция әзірге ұсталған адамның аты-жөнін атамады.

Telegram желісі мен БАҚ беттерінде, басқа арналарда Бишімбаев астаналық мейрамхананың бірінде өз әйелін ұрып-соғып, содан кейін әйелдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Астана полициясы да оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Бірақ күдіктінің есімін атамады.

"Астана қаласының полиция департаментіне қаладағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал болып, нәтижесінде әйел дене жарақатынан қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті. Күдікті ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында полиция бөлімі мен Есіл аудандық бөлімшесі жұмыс істеп жатыр, тергеу амалдары жүргізілуде", - делінді елорда полициясының хабарламасында.

Сондай-ақ, қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес аталған қылмыстық іс бойынша басқа мәліметтерді ұсыну мүмкін еместігі атап өтілді.

Бұл жағдайға қатысты Астана қоғамдық денсаулық сақтау департаменті NUR.KZ тілшісіне жедел жәрдем бригадасы әйелдің қайтыс болғанын растағанын мәлім етті.

"9 қарашада сағат 19:54-те қалалық жедел жәрдем станциясының пультіне қоңырау түсті. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қайтыс болғаны расталды", - деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.

Сонымен қатар Астана қоғамдық денсаулық сақтау департаменті марқұмның денесі полицияға тапсырылғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2045030-astanada-meiramxanada-soqqyga-zygylgan-aiel-qaitys-boldy/

pixel