jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтауда ер адамның денесі табылды

    Ер адамның денесі табылған жер
    Ер адамның денесі табылған жер. Фото: lada.kz

    Ақтауда ықшамаудандардың бірінде ер адамның денесі табылды. Маңғыстау облысы полиция департаменті ақпараты бойынша, сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Lada.kz.

    Басылым облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, кеше, 15 қарашада "102" пультіне 7-ықшамауданда орналасқан №3 үйдің маңында адамның денесі жатқаны туралы қоңырау келіп түскен.

    "Келіп түскен қоңырау бойынша жедел-тергеу тобы әрекет етті. 43 жастағы ер адамның денесі табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлады полиция.

    Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында жер үйлердің бірінде әйел мен оның балаларының денесі табылғаны туралы жазған едік. Олардың иіс тиіп көз жұмғаны анықталды.

    Павлодар облысында ауыл шаруашылығы жерлерін суаруға арналған жасанды су қоймасынан 7 және 8 жастағы екі баланың денесі табылғаны хабарланған.

    Ақтауда ер адамның денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.