Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада автобус әйнегін сындырған тұрғын қамалды (видео)

Опубликовано:

Елордада алдыңғы әйнегі сынған автобус
Елордада алдыңғы әйнегі сынған автобус. Фото: polisia.kz

Автобустың алдыңғы әйнегін сындырған астаналық тұрғын 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz telegram-арнасы.

Оқиға 16 қарашада таңғы сағат 05:50-де болған. Иманов көшесінде ер адам автобустың алдыңғы әйнегін сындырған. Елорда полицейлері құқық бұзған адамды дереу ұстады. Ол қаланың 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ер адам "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша 15 тәулік мерзімге қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2046096-elordada-avtobus-ainegin-syndyrgan-turgyn-qamaldy-video/

pixel