Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдің батысында полицейлер талапқа бағынбаған жүргізушінің көлігіне екі рет оқ атуға мәжбүр болды (видео)

Опубликовано:

Құқықбұзушыны ұстау сәті
Құқықбұзушыны ұстау сәті. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Атырау - Орал тасжолында жылдамдықты асырған жүргізушіні ұстау кезінде полиция қызметкерлері ауаға оқ атуға мәжбүр болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 17 қараша күні сағат 11:45 шамасында Атырау-Орал тасжолының 183 шақырымында DALMLERCHR SLER көлігінің жылдамдық асырғаны анықталған.

Алайда көлік жүргізушісі патрульдік полицияның заңды талабына бағынбай, нәтижесінде Индербор кентінен қызметтік көліктердің алдын бөгеуімен тоқтатылған.

Көлік тоқтатылған соң да жүргізуші қашып құтылмақ болып, тәртіп сақшысының оң аяғын басып, жол бойындағы бірнеше көлікке авариялық жағдай тудырып жүріп өткен. Заңды талапқа бағынбаған жүргізуші көлігінің дөңгелегіне екі мәрте және инспектор ескерту мақсатында аспанға екі рет оқ атқан.

Көлік тоқтатылып, 1989 жылы туған жүргізушісі медициналық сараптамадан өткізілген. Оның мас күйде емес екендігі анықталды. Ол көліктің өзінікі емес екендігін айтып ақталған.

Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 592-бабы 2 бөлігімен, 601-бабы 1 бөлігімен, 606-бабы 1 бөлігімен, 613-бабы 1 бөлігімен хаттама толтырылды.

Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3 бөлігімен, яғни билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2046404-eldin-batysynda-policeiler-talapqa-bagynbagan-zurgizusinin-koligine-eki-ret-oq-atuga-mazbur-boldy-video/

pixel