Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында бораннан 70 ағаш құлап, көліктер қирады: тұрғындарға ескерту жасалды

Опубликовано:

Қарағанды облысындағы жағдай
Қарағанды облысындағы жағдай: instagram.com/qaragandy_tjd

Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына байланысты облыстық ТЖД өкілдері тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

"2023 жылғы 18 қараша сағат 23-30-дағы жағдай бойынша Қарағанды облысының аумағында желдің екпіні 25 м/с дейін күшеюі нәтижесінде 8 әкімшілік ғимараттан, бір көппәтерлі тұрғын үйден және бір жеке тұрғын үйден шатырлардың бөліктері ұшып кетті", - деп хабарлады өңірлік құтқару маманы.

Сондай-ақ облыстың бірқатар өңірінде электр энергиясы ішінара өшкен.

"Облыс орталығында ағаштар құлады деген 50 хабарлама және Теміртау қаласы бойынша 20 хабарлама келіп түсті, оның ішінде: 4 жағдай ағаштардың көліктерге құлауы (3 жағдай Қарағанды қ. 1 жағдай Теміртау қ.). 19 қарашада облыста қар, тұман және көктайғақ түрінде жауын-шашын күтіледі", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты ТЖ департаменті облыстың барлық тұрғынына жел күшейген кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және аса қажетсіз көшеге шықпауды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертіп отыр. Ауа райының өзгеруін, облыс жолдарындағы қозғалыс шектеулерін, ТЖД ресми сайттарын және бұқаралық ақпарат құралдарын қадағалау керегі айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2046508-qaragandy-oblysynda-borannan-70-agas-qulap-kolikter-qirady-turgyndarga-eskertu-zasaldy/

pixel