Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында дауыл кезінде 100-ге жуық ауыл жарықсыз қалған

Опубликовано:

Павлодар облысындағы дауыл салдары
Павлодар облысындағы дауыл салдары. Фото: 24.kz

Кешегі алай-дүлей дауыл Павлодар өңірінде 42 нысанның шатырын ұшырды. 100-ге жуық ауылдың 60-ында үзілген сымдар жалғанып, ток берілді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Дауыл кезінде 100-ге тарта ауылда жарық сөніп қалған. Дегенмен 60 елді мекенде үзілген сымдар қайта жалғанып, ток берілді деген хабар жетті. Әзірше 40 ауыл жарықсыз отыр.

"Құлаған ағаштар көліктерді басып қалған. Автобус аялдамалары да төңкеріліп жатыр. Азаматтық қорғау қызметінің күштері мен құралдарын пайдалана отырып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, - дейді Төтенше жағдайлар қызметі өкілдері.

Мамандар күн райы түзелгенше алыс жолға шықпауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2046533-pavlodar-oblysynda-dauyl-kezinde-100-ge-zuyq-auyl-zaryqsyz-qalgan/

pixel