Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақтөбе облысында Мәртөк ауылының маңында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында.

Ведомство мәліметінше, оқиға 19 қараша сағат 05:45 шамасында Мәртөк ауылының маңында болған.

Ақтөбе-Орынбор тас жолының 73 шақырымында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан.

"Салдарынан Lexus және Subaru forester автокөлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында қаза болды. Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

ІІМ Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілу басталғанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2046585-aqtobe-oblysynda-zol-apatynan-us-adam-qaza-tapty/

pixel