"Үйінен шығуға әлі қалмаған". Шымкент полицейлері ана мен баланы құтқарып қалды (видео)
Жарияланған күні:
Бүгін, 20 қарашада әлеуметтік желіде шымкенттік тәртіп сақшыларының ана мен баланы ерлікпен құтқару сәтінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында.
Ведомство ақпараты бойынша, 3 жасар ұлымен үйінде қалған қала тұрғыны газдан улану белгілерін сезінген. Үйінен шығуға әлі қалмаған әйелдің бар күшін салып, "102" бөліміне қоңырау шалуға ғана мүмкіндігі болған.
Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің инспекторлары Талғат Ибраев пен Медет Тұрлыбеков, сондай-ақ жедел жәрдем бригадасы келіп жеткен.
Видеода тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері терезені сындырып, баланы үйден қауіпсіз жерге шығарып алғанын көруге болады. Әрі қарай анасы да дер кезінде сыртқа шығарылған.
Екеуіне де медициналық көмек көрсетілді. Қазір олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
"Қажет болған кезде адамдарға көмектесуге асығу – міндетіміз", – дейді полицейлер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2046667-uiinen-syguga-ali-qalmagan-symkent-policeileri-ana-men-balany-qutqaryp-qaldy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.