jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Жол үстінде отырған". Таразда жүргізуші ер адамды қағып, мерт қылған

    жаяу жүргінші жолы11
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Таразда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізушіні “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысының полицейлері анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

    19 қарашада сағат 23:25-те Тараз қаласының Төле би көшесінде жүргізуші жолдың жаяу жүргіншілерге арналған жерде отырған 38 жастағы адамды қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен.

    "Тұрғын жол-көлік оқиғасы салдарынан алған дене жарақатынан ол оқиға орнында қайтыс болды.

    Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған) сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп жазылған басылымда.

    “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде бейнебақылау камераларының көмегімен жедел-іздестіру жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері Toyota Alphard автокөліктің иесі Жамбыл ауданының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

    "Жүргізушінің қатысуымен тергеу әрекеттері, соның ішінде тергеу эксперименті жүргізіліп жатыр. Себебі соққы тұман жағдайында жасалған. Сараптамадан кейін оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шаралар қабылданады", – деді ПД бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.