Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бетперде тағып, қап-қара киінген": Алматы облысында 9 жасар қызға зәбір көрсеткен адам әлі ұсталмаған

Опубликовано:

Ойыншық
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматы облысының Сауыншы ауылында зәбір көрген 9 жасар қыздың анасы сұмдықтың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, оқиға 12 қарашада болған. Әлдекім таңға жуық жеткіншекті алып қашып, даладағы жуынатын жерде зәбір көрсеткен. Қаскөй әлі құрықталмады. 4-сынып оқушысы бір апта ауруханада жатқан. Қазір үйіне шығып, жағдайы оңалған.

Болжам бойынша, бетіне бетперде тағып қап-қара киінген ер адам осы үйдегі қызды ұйықтап жатқан жерінен көтеріп алып кетеді. Жуынатын жерге кіргізіп, ойына келгенін істеген. Құшағынан құтылып шыққан қыз үйіне қарай қашып үлгеріпті. Сөйтіп шырт ұйқыда жатқан анасына алды қанжоса болып келген.

"Таңғы бесте келіп оятып тұр. "Мені бір аға алып қашып кетті" деп. Ішіне зақым келген, жарылып кеткен деді. Негізінде мен түнде есіктерді өзім жабамын. Өзі шығып кетті деп ойлаймын. Өйткені мен білемін ғой, анық-қанығын. Өзім жаптым есікті түнде", - деп баяндаған анасы телеарна тілшілеріне.

Зәбір көрген қыз отбасындағы ортаншы бала. Сауыншы ауылына осыдан 4-5 жыл бұрын көшіп келіпті. Олардың айтуынша, қорлық көрсеткен ер адам сырттан келген. Алайда осы оқиғадан кейін өре түрегелген ауыл тұрғындары мүлде басқа пікірде.

"Күдіктенемін, өздерінің ішінен деп ойлаймын. Себебі, мені өздерінің туысқандарының ішінен қатты шантаж жасады. Егер тілшілерді шақыратын болсаңыз, «үйтіп кетем, бүйтіп кетем» деген шантаж көп болып жатыр. Өзінің үйіне келіп жүрген адам істейді. Басқа адам істемейді. Себебі, оның үйінде сондай нәрселер болды деп көп естідім", - дейді көршісі.

Шу шығарған тұрғындар ерсі қылық танытқан ер адамның әлі күнге дейін неліктен ұсталмай жатқанын түсінбей отыр. Жұрт полицейлерге қапалы.

Нақты не болғанын білу үшін геномдық сараптама тағайындалған. Қорытындысы әлі шықпады. Сондықтан күдікті де әзірге жоқ дейді полицейлер.

"12 қараша күні Қарасай ауданы ПБ-ға Сауыншы ауылының 32 жастағы тұрғыны сол күні таңғы сағат бесте жас қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған белгісіз адамға қатысты шара қабылдау туралы арызданды. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Қазір қылмыстың барлық мән-жайы тергеуде, оның жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптама, тексерулер тағайындаумен тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2046951-betperde-tagyp-qap-qara-kiingen-almaty-oblysynda-9-zastagy-qyzga-zabir-korsetken-adam-ali-ustalmagan/

pixel